Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты
Фото: Қалалық ТЖД баспасөз қызметінен

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

15 ақпан күні сағат 18-21-де Астана қаласы ТЖД бөлімшелері Тәуелсіздік даңғылы, 21 мекенжайына барды.Олар келгеннен кейін  8 минутта пәтерде қатты түтін бар екені анықталды. Өрт сөндірушілер дереу есікті ашып, баспалдақ арқылы әйелді құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, - деп жазылған қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнында Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 26 адамы және  7 техникасы жұмылдырылды.

Пәтердің асхана бөлмесінде 15 ш. м. жалпы алаңда жиһаз (диван), үй заттары жанған. 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, - деп жазылған хабарламада.