Астанада құрылыс салушылар 100 мыңға жуық жасыл желек отырғызады
Астанада көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды.
Экоакцияға МИБ (басқарушы компаниялар), бизнес өкілдері, түрлі ұйымдар, жастар, құрылыс салушылар және елорданың белсенді тұрғындары қатысатыны қуантады.
Бүгін ҚазМұнайГаз басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевпен бірге қаланы көгалдандыру жұмысына қатыстым. Мәселен, көгалдандыру жұмысына құрылыс салушылар да өз үлесін қосып жатыр. Оларға өздерінің тұрғын үй кешендерінің аумағында жасыл желектер санын көбейту міндеті жүктелген. Құрылыс салушылар 100 мыңға жуық жасыл желек отырғызатын болады. Бірінші кезеңде 100-ден астам тұрғын үй кешенін қамтыдық.
Жұдырықтай жұмылып, қаламызды жасыл әрі экологиялық таза етеміз! - деді елорда әкімі.