Астанада республикалық экологиялық акция өтеді
21 қазанда Республика күнін мерекелеу аясында елордада «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы жоспарланған, сондай-ақ ағаш көшеттерін отырғызу да ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info.
Акция С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті табиғат жанашырлары мен студенттерінің қатысуымен өткізіледі.
Осындай іс-шараларға табиғатқа жанашыр ұрпақты тарту жұртшылық арасында экологиялық сананы арттыруға, экологиялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.
Акция аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі салтанатты түрде аумақтық экология департаменттеріне 11 автокөлік тапсыруды жоспарлауда. Бұл инспекторлардың ұтқырлығын күшейтуге және уақтылы экологиялық заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Министрлік барша ниет білдірушілерді өз өңірлеріндегі сенбілікке қатысып, туған өлке экологиясын жақсартуға үлес қосуға шақырады.
Өтетін орны: Есіл ауданы, Қарасу өзенінің оң жағалауы, Қызылсуат ауылы маңындағы айналма жол.
Уақыты: 21 қазан, сағат 10:00.
Аккредиттеу 8-775-999-2068 телефон нөмірі бойынша.