Астанада мұз айдыны ашылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада мұз айдыны ашылды
Фото: Қалалық әкімдіктің сайтынан

Бүгін Астанадағы орталық саябақта қыс мезгілінің салтанатты ашылуына орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.

WhatsApp Image 2023-12-23 at 19.47.54.jpeg

 Биыл елорданың орталық саябағында ұзындығы 290 метр болатын мұз айдыны ашылды. Бұл – қаладағы ең ұзын мұз айдыны. Мұнда шаһар тұрғындары мен қонақтары қыс бойы келіп, сырғанақ тебе алады. Сондай-ақ саябақта бірнеше фотоаймақтар, әдемі декорациялар мен инсталляциялар бар. Әр сенбі мен жексенбі күндері тұрғындар  мен қала қонақтары үшін мерекелік бағдарламалар мен ойын-сауық ұйымдастырылады. Бұл астаналықтардың уақытын қызықты әрі пайдалы өткізетін мекеніне айналатынына сенімдімін, - деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова. 

WhatsApp Image 2023-12-23 at 19.47.56.jpeg

Сонымен қоса, мерекелік қалашықта шаһар тұрғындары коньки тебе алады. Мұнда жалға беру пунктері де жұмыс істейді.