00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада Ұлттық спорт күні аталып өтіледі

15 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада Ұлттық спорт күні аталып өтіледі
Коллаж: Elordainfo.kz

Мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сабақтары жоспарланған, деп хабарлайды Elorda.info.

Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.

Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Астана қаласының әкімдігімен бірге ұйымдастырады.

Мекенжайы: «Арғымақ» ат-спорт кешені, Астана қ., Рождественская тасжолы, 3.

Уақыты: 20 наурыз, сағат 10.00-де.

Кіру тегін.