Астанада құлақтандыру жүйесі тексеріледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада құлақтандыру жүйесі тексеріледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

23 қарашада Астанада радио арналарда дабылдар қосылып, құлақтандыру жүйелері тексеріледі, деп хабарлады Elorda.info қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

23-24 қараша аралығында "Қыс-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді. 

Оның шеңберінде 23 қарашада сағат 12:55-те электр сиреналарын, сиреналық-сөйлеу құрылғыларын іске қосып, теле-радио хабарларын таратуды тоқтата отырып, Астана қаласының құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі. 

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. 

Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар,радиолар және т.б.) қосулары керек.