Астанада күзгі әскери-патриоттық дала жиыны өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада күзгі әскери-патриоттық дала жиыны өтеді
коллаж Elorda.info

Астанадағы десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде  жалпы орта білім беретін мектептердің  үздік Жас Сарбаз  тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жас Сарбаз – патриоттар мекені» күзгі әскери-патриоттық дала жиыны өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл іс-шара Астана қаласы әкімдігі, «Жастар саясаты мәселелері» басқармасы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалы ұйымдастырады.

Іс-шара барысында нағыз әскери өмірдің қыр-сырлары жас өреңдерге таныстырылып, патриоттық тәрбиелелуге бағытталған жарыстар өткізіледі. Мұны елордалық  «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері асыға күтеді. Өйткені күзгі мезгілдегі әскери және спорттық іс-шара барысында үздік «Жас Сарбаздықтар» анықталады.  

Аталмыш іс-шараның ашылуына Астана қаласы «Жастар саясаты мәселелері» басқарма басшысы Қайрат Қамбаров, сенат және мәжіліс депутаттары, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ төрағасы Меирбек Мендыгалиев, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек, сондай-ақ олимпиада чемпиондары мен эстрада жұлдыздары қатысады.