Астанада Фах бен Абдул Азиз және Қожахметов көшелеріне орташа жөндеу жүргізіледі

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Бейсекова көшесінен К.Байсейітова көшесіне дейінгі учаскеде Фах бен Абдул Азиз мен С.Қожахметов көшелеріне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 12-15 мамыр аралығында көрсетілген учаскелерде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:25
Астанада Махатма Гандидің 156 жылдығы аталып өтті

Бүгін, 15:01
«Табиғатты сақта – затқа жан бер»: елордалық мектепте шеберлік көрмесі ұйымдастырылды

Бүгін, 14:45
Астанада білім саласына үлес қосып жүрген педагогтер марапатталды

Бүгін, 12:53
Елордада кезекті «Жұлдызай-2025» ұлттық инклюзивті ойындары басталды