Астанада демалыс күнгі жәрмеңке өтеді

фото: Астана қаласы әкімдігі
Елордада 15 және 16 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген және жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара 15 және 16 ақпанда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:08
ЖИ бойынша халықаралық сарапшылар Астанада бас қосады

Бүгін, 16:12
Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспарымен танысты

Бүгін, 15:37
Елордалық полицейлер есірткі таратушыларды ұстады

Бүгін, 15:21
Астанада өтетін Backstreet Boys тобы концертіне 12 000-нан астам турист келеді