Елордада бір көше жөндеу жұмысына жабылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бір көше жөндеу жұмысына жабылды
коллаж Elorda.info

Ұлы Дала даңғылындағы көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Осыған байланысты автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылды. Жұмыстар 17 қазанға дейін жалғасады. Бұл ретте көпірдің бір жағымен қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылған. Жұмыстарды кепілдік міндеттемелер шеңберінде мердігер жүргізеді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.