Астанада «Барлық жетістіктердің бастауы – еңбек» атты дөңгелек үстел өтті


Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Барлық жетістіктердің бастауы – еңбек» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл 2025 жыл – жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушы зейнеткерлері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері мен интернационал отбасылар қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты еңбек адамдарының еңбек жолы мен өмір жолын дәріптеу арқылы адал еңбекті, елге қызмет етуді насихаттау.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына ұзақ жылдар отау құрып, жарасымды жанұяға айналған интернационал отбасылар шақырылды. Мұндағы мақсат –ұлтаралық достық пен бірлікті, отбасындағы берекені көрсету.
Іс-шараға келген Муллабаевтар, Қожановтар, Вавулиндер, Мұкановтар және Жанғалиевтер жанұясы отбасындағы бірлік пен берекенің тамаша үлгісін көрсете білді.
Дөңгелек үстел жұмысы Астана қаласы Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, әрі осы шараның жетекші модераторы Сансызбай Есіловтың кіріспе сөзімен басталды.
Ардагерлер кеңесінің басшылығы жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтіп жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталып, 50 жылдан астам уақыт отасқан интернационал отбасыларға алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.
«Биыл – Қaзaқcтaн хaлқы Accaмблеяcының құрылғaнынa 30 жыл. Тұрaқтылық пен бейбітшіліктің жaршыcынa aйнaлғaн ұйымның мерейлі белеcін мерекелеу aяcындa 150-ден aca іc-шaрa ұйымдacтырылaды. Мемлекет бacшыcы Қacым-Жомaрт Тоқaев тa 2024 жылы aтaлғaн ҚХA ұйымның «Бір¬лік. Жacaмпaздық. Өрлеу» aтты ХХХІІІ cеccияcындa бaршa хaл¬қымыздың cтрaтегиялық бaғдa¬рының түпкі мәнін оcы үш ұғым дәл әрі нaқты білдіретінін, ел caяcaтының бұлжымac бaғдaры болып қaлa беретінін aйтты. Биыл мерейлі белеcті aтaп өтуге aрнaлғaн іc-шaрaлaр жоcпaрынa caй қaлaлық aрдaгерлер ұйымдaры өcкелең ұрпaқтaрғa үлгі болaтындaй шaрaлaр aтқaрды», - деді Caнcызбaй Еcілов.
Дөңгелек үстел жұмысына Алматы ауданының зейнеткерлерінен құралған «Әдемі» шығармашылық ұжымының көркем өнерпаздары да атсалысып, әннен шашу шашты.
Жиналғандар арасында ардагер журналист Райса Агибаева «Ассамблея – ұлтаралық келісімнің бірегей қазақстандық үлгісі» тақырыбында сөз сөйлесе, тіл жанашыры, БҰӨСО-ның қазақ тілі маманы Маржан Примбетова «Ассамблея – тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысы» тақырыбында өз пікірін білдірді.
Жарыссөзде этномәдени орталықтардың өкілдері Қазақтандағы ұлт аралық келісім мен достық туралы өз ойларын ортаға салып, алдағы келе жатқан Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен жиналғандарды құттықтады.