Астанада бұршақ пен жаңбыр жауды


Бүгін елордада жауын және бұршақ жауды. Ауа райының қолайсыздығы туралы бейнелер әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Синоптиктер бүгін Астанада күн ала бұлтты, жаңбыр жауады, күндіз найзағай болады деп болжады. Жел оңтүстік-шығыс, батысқа ауысады, түнде 5-10, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 21-23 градус. Елордада, атап айтқанда, сол жағалаудағы жаңбыр жылдам жауынға айналды.
Сәрсенбі, 23 сәуірде синоптиктер Астанада найзағай болады деп болжап отыр. Жел батыс, солтүстік-шығысқа ауысады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы.
24 сәуірде Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Жел батыс, солтүстік-шығысқа ауысады. Секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 15-17 градуыс жылы.