Астанада қазақ тілін тегін меңгеруге болады

Бүгін, 10:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views48
Астанада қазақ тілін тегін меңгеруге болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілін меңгеру бойынша тегін курс өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына шақырамыз. Өтініштер 2025 жылдың 4-20 тамыз аралығында қабылданады. Курс 2 қыркүйектен басталады», - делінген хабарламада.

Курс келесі мекенжайлар бойынша өтеді:

1. Астана қ., Шұбар шағын ауданы, Балауса көшесі, 11, Жазушылар үйі;

2. Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 9, «Руханият» КММ;

3. Астана қ., Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 25/3 үй, №5 балалар кітапханасы және Астана қаласының ОКЖ Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы;

4. Астана қ., Бөгенбай батыр даңғылы, 52. Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы;

5. Астана қ., Р.Қошқарбаев даңғылы, 50;

6. ⁠Астана қ., Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 8/2.

Өтініштерді қабылдау Бейбітшілік көшесі, 9, 209 кабинетте өтеді.

Байланыс телефоны: 8 7172 24 90 52, 8 747 248 82 20.