Астанада аяз болып, қар жаууы мүмкін


Синоптиктер елордада аяз түсіп, түнде қар жаууы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазгидрометтің«» мәліметінше, 24 сәуірде Астанада ауыспалы бұлт болады, түнде - аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Секундына 9-14 метр жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел тұрып, оңтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз 18-20 градусқа дейін жылы болса, түнде 2-4 градус жылы болады. 25 сәуірде жауын-шашынсыз ауыспалы бұлт болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз ауа температурасы 23-25 градус жылы болса, түнде 5-7 градус жылы болады. 26 сәуірде елордада бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 метрді құрайтын жел соғады. Ауа температурасы күндіз 25-27 жылы, түнде 11-13 градус жылы.