00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада Асхат Маемировтің шығармашылық кеші өтті

12 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада Асхат Маемировтің шығармашылық кеші өтті
Фото: Сұлтан Сейітов

Елордада музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, театр режиссері Асхат Маемировтің шығармашылығына арналған «Театр -менің әлемім» атты өнер кеші өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Шығармашылық кештің ашылу салтанатында сенат депутаты Дархан Қыдырәлі өз тілегін білдіріп, Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын оқып берді.

Ең әуелі ердің жасы елу дейді, сізді жаңа жасыңызбен құттықтаймын. Өзіңізді кәсіби режиссер, ұлттық театр өнерін өрге сүйреп жүрген көрнекті қайраткер және отаншыл тұлға ретінде ерекше құрметтейміз. Сіз қазақ мәдениетін дамыту жолында табандылық танытып, осы саланы ілгері жылжытуға үлкен үлес қосып келесіз. Қазақ әуендері акционерлік қоғамының президенті, Қазақ концерт өнер бірлестігінің бас директоры қызметтерін абыроймен атқарып, ұйымдастырушылық қабілеттің биігінен көріндіңіз.  М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры бола жүріп, еліміздегі  өнердің өрісін кеңейтуге зор еңбек сіңірдіңіз. Сіздің бастамаңызбен негізі қаланған Астана қаласындағы музыкалық жас көрермен театры қазіргі таңда елордада  ғана емес, еліміздегі іргелі өнер ұжымына айналды. Театр репертуарындағы «Абай Тоғжан», «Гауһартас», «Шәмші»  сияқты қойылымдарға деген көрерменнің ықыласы –сонын жарқын көрінісі. Сіз ұстаздық қызметте де өзіңіздің дара жолыңызды қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетіп келеді. Алдағы уақытта да қайталанбас қойылымдарыңыз бен өнер сүйер қауымды қуанта беріңіз. Ойға алған арман-мұраттарыңыз орындала берсін. Қуанышыңызға ортақтаса отырып, сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке және отбасыңызға амандық тілеймін,- деп жазылған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатында.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен танымал режиссерді мерейтойымен құттықтады.

Асхат Максимұлының бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің қазақ мәдениетіне сіңіріп жатқан еңбегіңіз бір ғасырлық дәптерге толатындай. Бұл еңбекті қашан да айту керек,- деді ол.

Сонымен қатар Есет Байкен елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің құттықтауын жеткізді.

Құрметті  Асхат Максимұлы, сіздің бүгінгі елу жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймын. Жылдар бойы мол тәжірибеңіз бен кәсіби  біліктілігіңіздің арқасында еліміздің мәдениет саласын өркендетуге үлес қосып келесіз. Өмір жолыңыз – жас ұрпаққа үлгі өнеге. Іскерлігіңіз бен кәсіби талантыңыздың арқасында жастардың басын бір арнаға тоғыстырған белгілі театр режиссері, тәжірибелі өнер иесісіз. Өнер жолындағы қалтқысыз еңбегіңізге алғыс айтамын. Алдағы уақытта та өз тәжірибеңізді ел игіліне арнап, қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тіліктеспін.деніңізге саулық, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін, - деп жазылған әкім құттықтауында.

Кеште көрермендер танымал режиссердің шығармашылығымен танысты. Асхат Маемировтың өлеңдері орындалды. Театр актерлары режиссердің туындыларын сахналады.

Өнер кешінде қонақ ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Қанат-Света Айтбаевтар да қатысып, танымал режиссерді мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев және өзге де танымал тұлғалар қатысты.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ