Асқар Забикулинді еске алуға арналған хоккейден турнир басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Асқар Забикулинді еске алуға арналған хоккейден турнир басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Асқар Забикулинді еске алуға арналған хоккейден турнир басталды

Бүгін Астанадағы  «Тарлан» спорт кешенінде өрт сөндіруші, марқұм Асқар Забикулинді еске алуға арналған турнир басталды, деп хабарлады Elorda.info.

03-02-9.jpg

Алғаш рет хоккейден ұйымдастырылып жатқан бәсекеде Астана қаласының 4 әуесқой клубы жиналды. 

03-02-10.jpg

Турнирдің ашылу салтанатына Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов қатысып, марқұм Асқар Забикулиннің құрметіне байланысты атқарылған шараларды айтып өтті.

03-02-8.jpg

Бүгін шайбалы хоккейден Асқар Забикулинді еске алуға арналған турнир өткізіліп жатыр. Қызмет барысында қаза тапқан бауырымыздың іс-әрекеті баршамызға өнеге. Оны ешкім ұмытпай, әрдайым үлгі тұтуымыз қажет. Былтыр Асқар Забикулиннің құрметіне «Үркер» шағын ауданында көшенің аты берілді. Батырымызға арнайы ескерткіш орнатылды. №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі Асқар Забикулиннің атымен аталады.

Аспанымыз ашық болсын! Бейбітшілік  болсын! Бүгінгі турнирге қатысып жатқан командаларға жеңіс тілеймін. Бір-бірімізді бағалап, сыйластықта жүре берейік, - деді Ерлан Каналимов.

03-02-7.jpg

Жарыс барысында BI Hockei Team, Qutqarushy, Bauerlar, Orda клубтары өзара жеңімпазды анықтайтын болады. 

03-02-6.jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл Асқар Забикулинді еске алуға арналған алғашқы спорттық сайыс емес. Бұған дейін волейбол, футбол турнирлері де үнемі өтіп тұрған.

03-02-5.jpg

Сондай-ақ  мемлекет тарапынан 2023 жылы «Қаһарман» атты сериал да түсірілді.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин өрт сөндіру кезінде 3 адамның өмірін құтқарса да, алған ауыр жарақатынан 20 қараша күні ауруханада көз жұмған болатын. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ