Алдағы алты жылда Астанадағы 206 апатты үйдің мәселесі шешіледі
Астанада 2029 жылға дейін 206 апатты үйден 4 710 тұрғын үй иесін көшіру жоспарлануда. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар орталығында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Алғашқы 3 апатты үйдің тұрғындары көшірілді. Жұмыс жалғасуда.
Жыл басында жұртшылық наразылық білдіріп, жедел шешімді талап еткен 20-дан астам объект болды.
Қаланың егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер енгізу жұмыстары атқарылды.
Барлық шешім қала белсенділерінің қатысуымен қабылданды. Шешімдердің 90 пайыздан астамы қала тұрғындарының пікірін ескере отырып қабылданды, - деді Ж.Қасымбек.
Тығыз құрылыс объектілерінің барлығына дерлік оң шешімдер қабылданды: мектеп, білім беру орталықтары мен денсаулық сақтау мекемелері сияқты 8 әлеуметтік объект және 9 қоғамдық кеңістік жоспарланды.
Қалған объекттер бойынша сот шешімін күтіп отырғанын жеткізді.