Ақбұлақтың жағалауын абаттандыру жұмыстары толық аяқталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақбұлақтың жағалауын абаттандыру жұмыстары толық аяқталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Ақбұлақ өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлады Elorda.info. 

Ол Амман көшесінен Ш.Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі жағалау және Таха Хусейн көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі Ж. Тәшенов көшесі аумағын қамтиды. Аталған Ақбұлақ жағалауын абаттандыру нәтижесінде тротуарларды кеңейту және көтерілген жаяу жүргіншілер кеңістігін салу арқылы кедергісіз орта құрылды, - деп көрсетті Байқоңыр ауданының баспасөз қызметі. 

Абаттандырылған аумақтың жалпы ұзындығы 2,8 шақырымды құрайды.

Абаттандыру барысында көшені ағаштар және бұталармен жаппай көгалдандыру, кеңістікті сапалы жарықтандыру, жергілікті суару жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, workout-алаңдар, балалар ойын алаңқайлары, арнайы демалыс аймақтары жайластырылса, әр түрлі заманауи шағын архитектуралық формаларда орналастырылды.