Дәріханаларда тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмектер болуы керек – Бақтияр Мәкен
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Дәріханаларда тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмектер болуы керек – Бақтияр Мәкен](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120248543684524.webp)
Нұр-Сұлтан әкімдігі дәріхана ұйымдарына дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды. Қала басшылығы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін уақтылы шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Елорда Инфо. Әкімдік қалалық дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің болуын үнемі қадағалап отырады. Елордада коронавирус инфекциясы жағдайларының көбеюіне байланысты вирустық инфекциялық аурулардың алдын алу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. «Елордалық дәріханаларда тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмектер болуы керек. Дәрі-дәрмектердің негізгі ассортиментінің болуын бақылау қажет. Дәріханаларға дәрі-дәрмектерді уақтылы және жеткілікті мөлшерде сатып алу керек», – деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілері басшыларымен онлайн-кездесуде. «Біз көтерме дәріхана ұйымдарына Нұр-Сұлтан қаласының дәріханалық ұйымдарына дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді ұйымдастыруды тапсырамыз», – деп атап өтті Б.Мәкен. «Нұр-Сұлтан қаласының фармацевтикалық ассоциациясы» заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестігінің директоры Гүлнарай Алмурзинаның айтуынша, кейбір дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалады. «Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттар, азитромицин антибиотиктерін сатып алды. Біз анализ жүргізіп, дәрі-дәрмектердің 41 атауы көрсетілген кесте құрдық. Мемлекеттік агенттіктің дәрі-дәрмектерді халыққа қанша мөлшерде таратуға болатындығы туралы меморандумға қол қоюға шешім қабылданды. Ал антибиотиктер мен рецепт бойынша дәрі-дәрмектер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен ғана жіберіледі», – деді Г.Алмурзина. Сонымен бірге, ол дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін ескере отырып, олардың балама нұсқалары барына назар аударды: «Панадол», «Эфералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар. 24 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырудың 3 484 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2 501 науқас (69%) емделіп шықты және 38 өлім жағдайы (1,1%) орын алды. Күнделікті пневмониямен ауруханаға түсетін науқастардың саны артты, олардың әр екіншісі – вирустық пневмония. Олардың 90 пайызының жағдайы орташа ауыр. Осыған байланысты медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге үлкен жүктеме жүктеледі. Әкімнің орынбасары азаматтарды коронавирус инфекциясын жұқтырмас үшін қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды: бетперде тағып, қолғап киіп, қолды сабынмен жиі жуып, әлеуметтік қашықтық сақтау қажет.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)