Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінен
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысы командалық эстафетамен аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды.
Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты. Мұнда барлығы 9 елдің құрамасы жүлдеге таласты.
Жарыс қожайыны Қытай чемпион атанса, күміс Жапония шаңғышыларында.
Айта кетейік, шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан 4 жүлдеге қол жеткізді. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжаласа, әйелдер командасы бағана эстафетада күміске қол жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар

16 тамыз, 2025
Қазақ күресінен әскерилер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік шықты

15 тамыз, 2025
CISM әлем чемпионаты: ұлттық құрама 8 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль иеленді

15 тамыз, 2025
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

15 тамыз, 2025
Қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты: бүгін боз кілемге кімдер шығады