Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады
Астанада «Алматы» ауданының әкімдігі қызықты мурал мен граффити салғысы келетін суретшілер мен өнер сүйер қауымның ұсыныстарын қабылдап жатқанын мәлімдеді. Бұл бастама вандализмнің алдын алуға бағытталған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық кеңістікке құрмет көрсетуге және заң аясында әрекет етуге шақырамыз. Заңсыз граффити қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін», - делінген хабарламада.
Талантты азаматтардың креативті идеясы мен ұсыныстары ескерілетін болады.
Қатысу үшін:
1. Жобаңыздың эскизін дайындау қажет;
2. Өзіңіздің идеяңыз бен тұжырымдамаңызды, атап айтқанда, өнеріңіз арқылы қандай хабарларды жеткізгіңіз келетінін сипаттау.
Эскизіңіз бекітілгеннен кейін авторға жобасын орындауға рұқсат беріледі және қабырға суреті немесе граффити орналасатын жер анықталады.
Өтінімдерді қабылдау тұрақты негізде жүзеге асырылады және оларды іріктеу үшін арнайы комиссия құрылады.
Айта кетеік, өтінімдерді қабылдау жөнінде сұрақтар бойынша «Алматы» ауданы әкімдігіне (Тәуелсіздік даңғылы, 7) немесе Instagram @almaty_audany парақшасы арқылы хабарласуға болады.