Дэвис кубогы: Қазақстан – Оңтүстік Корея арасындағы матч жеребесі тартылды

Бүгін, 16:15
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views57
Дэвис кубогы: Қазақстан – Оңтүстік Корея арасындағы матч жеребесі тартылды
Фото: Қазақстан теннис федерациясынан

Чхунчхон қаласында Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы Дэвис кубогының алғашқы әлемдік тобы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

12 қыркүйекте жарысты Александр Шевченко бастайды. Ол кортта Чон Хенмен күш сынасады. Одан кейін Александр Бублик пен Квон Сун У арасындағы матч өтеді.

13 қыркүйекке жұптық сайыс жоспарланған. Бейбіт Жұқаев пен Тимофей Скатов Нам Чжи Сун және Пак Уй Сунмен кездеседі. Кейін екі жекелей сайыстағы матч өтеді. Александр Шевченко Чон Хенмен өзара мықтыны анықтаса, ал Александр Бублик – Квон Су Вонмен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, ойындар Songam Sport Town хард кортында өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады және үш сеттен тұратын форматта ұйымдастырылады.