Елімізде жүргізуші куәлігіне қатысты өзгеріс енгізіледі – министрлік

11 қыркүйек, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views199
Елімізде жүргізуші куәлігіне қатысты өзгеріс енгізіледі – министрлік
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінен электрондық чипті алып тастауды ұсыну бойынша заң жобасын Ішкі істер министрлігі «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жобаның мақсаты – жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінен электрондық чипті алып тастау қаржылық тұрғыдан тиімді. Чип модульдерін енгізу мен пайдалану қосымша шығындарды талап етеді, ал олардың функциялары қазіргі уақытта мемлекеттік деректер қоры мен ақпараттық жүйелер арқылы толық көлемде қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты чипті алып тастау бюджет қаражатын үнемдеуге және құжаттарды дайындау процесін оңтайландыруға болады», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл құжат 22 қыркүйекке дейін  қоғам талқылауында болады.