Елордалық құтқарушылар лифтте қалып қойған 9 адамды құтқарды
фото: видеодан алынған кадр/ТЖМ
Оқиға "Сарыарқа" ауданындағы Н.Тілендиев көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, шақырту орнына келген жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен кабинаның есігін ашып, 9 адамды шығарды.
«Оқиға сәтті аяқталып, өтініш берушілерге медициналық көмек қажет болмады»,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
