«Елде басқа мәселе жоқтай»: қазақстандық депутат анасын құттықтаймын деп, сынға қалды

«Елде басқа мәселе жоқтай»: қазақстандық депутат анасын құттықтаймын деп, сынға қалды
Фото: видеодан скриншот: Мәжілістің жалпы отырысы

Әлеуметтік желіде депутат Ардақ Назаровтың депутаттық сауал жолдаймын деп, анасын туған күнімен құттықтағаны қызу талқыланып жатыр.

Желідегі қазақстандықтардың пікірінше, Парламент құттықтау хат жолдайтын емес, елдегі күрделі мәселелерді шешетін орын.  

«Парламент ойыншық болды-ау. Парламент отырысында отырып, анасын құттықтау деген не масқара?», «Тәртіп қайда? Айыппұл салу керек», «Депуттатық сауал жолдап, көтеретін елде басқа мәселе жоқтай анасын құттықтағаннан басқа», «Әр нәрсенің орны мен жөні болу керек қой. Депутаттық сауал мен анасының туған күнімен құттықтаудың не қатысы бар?», - деп жазып жатыр желідегілер.