Әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттады деген күдікті ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметінен
28 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікке ілінді.
«Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:44
Абай облысында тұрғын балық аулау ережесін бұзған
Бүгін, 14:43
Сумен қамтамасыз етуге арналған субсидияларды бөлу кезінде заңбұзушылықтар анықталды
Бүгін, 11:39
Талдықорғанда 17 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды
23 қазан, 2025
Мас күйінде көлік басқарған Астана тұрғыны сотталды
