Астанадағы Жұмысшы мамандықтар қалашығынан не көруге болады
![Сабина Кәкімжан](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанадағы Жұмысшы мамандықтар қалашығынан не көруге болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926281943295229.webp)
Бүгін Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты республикалық фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оған Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
![](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926263847553630.webp)
«Жұмысшы мамандықтары қалашығының мақсаты – жұмысшы мамандығының жаңа идеологиясын таныстыру. Бұл мамандық бұрынғыдай өнімділігі төмен жұмыс емес. Бұл егіс алқаптарында дрондарды қолданатын, жаңа технологияларды басқаратын үлкен өндірістегі жаңа кәсіби мамандар», - деді Тамара Дүйсенова.
Аталмыш фестиваль – Жұмысшы мамандықтарының жылын ресми түрде ашқан алғашқы іс-шара.
![](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926266640350300.webp)
Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялаудың маңыздылығын атап өтті.
«2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есе ұлғаяды. Атом энергетикасы бойынша мамандарды даярлауда Венгрияның тәжірибесін енгізу, сондай-ақ Қытайдың IT, дрон құрастыру және машина жасау саласындағы тәжірибесін қолдану жоспарлануда», - деді Ғани Бейсембаев.
Мұнда тау-кен металлургия, инженер-механик, құрылысшы және басқа да мамандықтар бойынша тақырыптық көшелер мен арнайы павильондар ұйымдастырылған. Келушілер осындай тақырыптық көшелерді аралай алады.
![](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926269116721414.webp)
![](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926272347018527.webp)
Фестивальде Астанадағы Сервис және туризм колледжінің де жеке павильонын көруге болады.
«Ландшафтық дизайн мамандығы – архитектура, сәулет, ботаниканы ұштастыратын мамандықтың бірі. Бұл мамандыққа 38 студент қабылданды. 15 студент флористика мамандығы бойынша білім алып жатыр. Бұл сала қаланың дамуына, экологияның тазаруына көп көмек береді. Мәселен, гүлзар жасайтын болсақ, онда ағаштар отырғызамыз. Желектер ауаны ылғалдандырады. Ландшафтық дизайн мамандығы бүгінде сұранысқа ие. Оны фестиваль келушілеріне таныстырып жатқанымызға қуаныштымыз», - деді Астана қаласы Сервис және туризм колледжінің директоры Салтанат Қайратқызы.
![](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926357926059432.webp)
![](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926359718629629.webp)
![Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173911796322343270.webp)
![Жұмыc бaрыcындa еш қaтелеcуге болмaйтын мамандықты білесіз бе](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882254142943438.webp)
![Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада 8 мыңнан астам адам кәсіптік оқытуға жіберіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173881830840227587.webp)
![Наурызбай Сүлейменов: Теміржолшы болу төзімділікті талап етеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17385620865611849.webp)