Елордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин
Астанадағы «Сарайшық» ауданында Ж.Нәжімеденов көшесіндегі тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жедел барған өрт сөндірушілер пәтердің балконына автосатыны орнатып, ер адамды құтқарып қалды. Содан кейін оны жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін ер адам бірнеше жайманы байлап, төмен түсуге тырысқан.
Айта кетейік, кеше Астананың сол жағалауында шағын автобустан өрт шыққан болатын.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

16 қазан, 2025
Алматы облысында жеті жасөспірім оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

16 қазан, 2025
Бас прокуратура интернет-алаяқтар енді мұғалімдерді нысанаға алғанын ескертті

16 қазан, 2025
СҚО-да сот орындаушылар 133,5 млн теңге табысты жасырған