Бүгін Астананың «Есіл» ауданында Ұлы дала даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысында шағын автобус отқа оранды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар өртті 9 минутта толықтай сөндірді.
«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.