Нұр-Сұлтанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 15 мың жұмыс орны ашылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 15 мың жұмыс орны ашылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120248642839763.webp)
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 15 мың жұмыс орны ашылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Елордада "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 130-дан астам жобаны жүзеге асырамыз. Олардың қатарында жолдар, мектептер, емханалар, балалар алаңдары мен скверлердің құрылысы бар. Спорттық-мәдени нысандар жөндеуден өтеді және т.б. Бүгін онлайн-режимде бірқатар мәселелер талқыланды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 15 мың жұмыс орнын ашамыз. Тұрғындарды бірінші кезекте жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырамыз. Пандемия мен карантин уақытында бірқатар кәсіпорынның жұмысы тоқтады. Жаңа жұмыс орындарын құру қала тұрғындары мен қала экономикасы үшін өте маңызды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 3600-ден астам адам жұмысқа орналасты», - деп жазды А.Көлгінов. Биыл 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады. Оның 100-і елді мекендерге тиесілі. 150 аула мен 50 тынымбақ жөнделеді. Сонымен бірге "Жастар" сарайы, Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион сияқты бірқатар спорттық-мәдени нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Бағдарлама аясында бірқатар мектеп, емхана, оңалту орталықтары мен басқа да әлеуметтік нысандарды салып, кейбіреуін саламыз. Сонымен қатар бағдарлама Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге айтарлықтай көмектесті. Бұл қала мен жеке секторда су басу қаупін болдырмауға мүмкіндік береді», - дейді қала әкімі.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)