Алтай Көлгінов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
ашық дереккөз

Елорда әкімі Алтай Көлгінов медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекеңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрдайым науқастардың жанынан табылып, оларға қамқор боласыздар. Әлемдік пандемиямен күресте алдыңғы шепте келесіздер. Антқа адалдықтарыңыз бен кәсіби біліктіліктеріңізді қоғам әрдайым жоғары бағалайды. Еңбектеріңіз алдағы уақытта да абыройлы әрі жемісті болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!