Ұлттық музейде «Жаппай цифрландыру дәуіріндегі суретшінің ролі» аrt talk шарасы өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ұлттық музейде «Жаппай цифрландыру дәуіріндегі суретшінің ролі» аrt talk шарасы өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120560724878829.webp)
ҚР Ұлттық музейі Халықаралық музейлер күні аясында аrt talk форматындағы жаңа жобаны іске қосады. Жоба мақсаты - заманауи өнердің өзекті мәселелерін талқылау. Бұл туралы Елорда Инфо музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Бүкіл әлемде қолданылып жүрген жұрт алдындағы кездесудің осы форматының ерекшелігі сол, өнердің әртүрлі бағытындағы суретшілер, сарапшылар, музей ісі саласындағы мамандар және заманауи өнер өкілдері мен тындармандар арасындағы жанды диалогтың болуында. Пікірталасқа қатысушылар заманауи өнердің өзекті тенденциялары мен мәселелерін талқылайды, өз шығармашылықтары туралы айтып береді, сол сияқты кәсіби тәжірибелерімен бөліседі. Art talk жобаның алғашқы іс-шарасы онлайн режимінде өтеді. Пікірталастың басты тақырыбы ХХІ ғасырдағы жаппай цифрландыру дәуіріндегі суретшінің ролі болмақ. Іс-шара барысында спикерлер цифрлы ортанының дәстүрлі көркем ортаға бірігуі тақырыбына да ой қозғайды. Қатысушылар жаңа цифрлық технологияның өнерге және шығармашылық әрі кәсіби дамуға әсерін, суретшінің басты міндеттері мен оның қоғамдағы ролі қандай екенін де талқылайды.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)