А.Байтұрсынов көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
А.Байтұрсынов көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылды
ашық дереккөз

А.Байтұрсынов көшесінің бір бөлігі 5 маусымға дейін жөндеуге жабылды, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдікке сілтеме жасап. Кептелеске тап болмас үшін көлік жүргізушілері бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет. Көше-жол желілерін орташа жөндеуге байланысты А.Байтұрсынов көшесінің Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскесінде жөндеу жүруде. Осыған орай 26 мамырдан 5 маусымға дейін жол жартылай жабылады. «Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелісті болдырмау үшін бағдарын алдын ала жоспалауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген хабарламада.