Биыл елімізде 33 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елімізде 33 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді
ашық дереккөз

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республика бойынша жалпы ауданы 4,1 млн шаршы метр немесе 33 479 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 209 жеке үй. Аталған кезеңде жекеменшік есебінен жалпы ауданы 3,8 млн шаршы метр баспана салынды, деп хабарлайды Елорда Инфо ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2020 жылғы 1 маусымға дейін қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үй құрылысына 525,4 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл - 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 120,6%. Тұрғын үйді іске қосу бойынша Түркістан (131,2%), Қарағанды (124,9%) Шығыс Қазақстан (114,3%), Батыс Қазақстан (111,9%), Жамбыл (108,7%), Солтүстік Қазақстан (108%), Қостанай (107,9%) облыстары алда келеді. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша осы кезеңде 28 мың шаршы метр немесе 507 жалға берілетін тұрғын үй пәтер пайдалануға берілді.