Жансейіт Түймебаев Ұлттық академиялық кітапхананың бас директорына «Бірлік» медалін тапсырды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жансейіт Түймебаев Ұлттық академиялық кітапхананың бас директорына «Бірлік» медалін тапсырды
ашық дереккөз

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Үмітхан Мұналбаеваға «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалін тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Мерейлі марапат ел Тәуелсіздігі мен халық бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға елеулі үлесі қосқан азаматтарға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен беріледі. Жансейіт Қансейітұлы әріптестік қарым-қатынасы мен қолдауы үшін Үмітхан Дәуренбекқызына алғыс айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге сенім білдірді.