Ауру белгісі бар, жоқ деп статистика жүргізудің қажеті қанша – Қисықова жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ауру белгісі бар, жоқ деп статистика жүргізудің қажеті қанша – Қисықова жауабы
ашық дереккөз

"Кейінгі уақытта вирус жұқтырған, алайда байқалмайтын адамдарды жеке есепке алып жатыр. Оларға бөлек статистика жүргізудің қажеті қанша?" «Хабар 24» дикторының бұл сауалына Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Ауру белгілері бар және клиникалық белгілері жоқ деп бөлгеннің себебі мынада. Алдымен ауру белгілері бар науқастарға уақытты ұтымды пайдаланып, дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін жасалып отыр. Ал клиникалық белгілері жоқ адамдар назардан тыс қалмайды. Ол кісілерді аумақтық емханалар үй карантиніндегі жағдайда қашықтан бақылап отырады. Медициналық жабдықтар, оның ішінде пульсоксиметр аппаратымен қамтамасыз етіледі», - дейді Сәуле Қисықова. Басқарма басшысы сөз арасында үй жағдайындағы науқастар тұрақты бақылауда болатынын ерекше айтып өтті. «Науқастың жағдайын білу үшін күн сайын қоңыраулар шалынады. Клиникалық белгілері пайда болған кезде аумақтағы емханалардың мамандары анықталған ауруханаларға жеткізіп, тексеру жүргізеді. Өкпесін рентгенге немесе компьютерлік томографияға түсіреді. Қорытындысына сәйкес ем-шара жасалынады», - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.