Қазақстанда бес жылда 44 трлн теңге болатын 2 мыңнан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда бес жылда 44 трлн теңге болатын 2 мыңнан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылады
ашық дереккөз

Бес жылда Қазақстанда 44 триллион теңге тұратын 2 мыңнан астам инвестжобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «ІЖӨ-ге инвестиция деңгейін 30%-ке дейін арттыру жөнінде мақсат қойып отырмыз (2019 жылы бұл деңгей 18,2%-ті құрады). Инвестициялар экономиканың тұрақты және сапалы өсімінің кепілі болып табылады», - деді министр Руслан Дәленов. Оның айтуынша, бұл мақсатты орындау үшін «жаңа ақиқат жағдайында инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды жаңаша үйлестіру» жолдары айқындалды. Экономиканың басым салаларында стратегиялық инвестициялар үшін жасалатын жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі қарастырылуда. Инвестициялар тарту үшін АХҚО-ның  мүмкіндігін кеңінен қолдану жоспарлануда. «Инвестициялық жобалардың 5 жылғы пулы жасақталды. Пул 44 трлн теңге болатын 2 мыңнан астам инвестициялық жобадан тұрады», - деп атап өтті Дәленов. Ол министрліктің негізгі капиталға инвестициялардың мақсатты көрсеткішінің шегі бойынша ай сайын мониторинг жасап отырғанын айтты. «Инвестиция тарту жөніндегі Үйлестіру кеңесінде проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдармен белсенді жұмыстар жалғасуда», - деді Дәленов. Бұрын хабарлағандай, 2019 жылғы қорытынды бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 8,5%-ке артты. 2020 жылғы төрт айдың есебі бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция өсімі нақты сипатта 0,9%-ті құрады.