Жұмыспен қамту орталығында кезекте тұрмас үшін электрондық талон алу керек – Байтасов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жұмыспен қамту орталығында кезекте тұрмас үшін электрондық талон алу керек – Байтасов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120330523689520.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы «Жұмыспен қамту» орталығының жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің басшысы Азамат Байтасов тұрғындардың орталыққа алдын ала уақыт белгілеп келетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі карантин уақытында Жұмыспен қамту орталығы 2 режиммен жұмыс істеп жатыр, яғни онлайн және офлайн режимінде. Мысалы, қазіргі уақытта жұмыс іздеушілер үйінен шықпай-ақ түйіндемелерін жұмыс берушілерге жіберуіне болады. Сол бойынша жұмыс берушілер кеңселерінде отырып, өздері лайық көрген маманды жұмысқа шақыра алады. Сол сияқты сайтымызға кіріп, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты қарауға болады. Ал офлайн режиміне келсек, жұмыс іздеушілер карантин кезінде ұзын-сонар кезекте тұрмас үшін кездесу уақытын алдын ала броньдаған дұрыс. Қазіргі уақытта 200 адам Жұмыспен қамтуға орталығына жүгінсе, соның 40 пайызы электрондық талонмен келіп жатыр. Ол үшін Smart Astana мобильді қосымшасын пайдалану қажет», – деді А.Байтасов.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)