Алкоголь өнімінің заңдылығын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алкоголь өнімінің заңдылығын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады
ашық дереккөз

Алкоголь өнімінің заңдылығын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады. Бүгінге дейін 5384 алкоголь өнімі «Е-Sapa» қосымшасы арқылы тексерілді. Бұл туралы Елорда Инфо «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Е-Sapa» -бұл есепке алу-бақылау маркаларында  штрих-кодтарды сканерлеу арқылы алкоголь өнімінің заңдылығын тексеруге мүмкіндік беретін мобильді қосымша. Қосымшаны пайдалану оңай және қолайлы. Ақпаратты жылдам өңдеп, қосымша бірден сканерлейді және нәтижесін көрсетеді. Сонымен қатар ешқандай қосымша деректер жинамайды, контактілерге, микрофонға және т. б. қолжеткізуді сұрамайды. Ол үшін қосымша сканерін маркаға апарады немесе сериясын, нөмірін және маркасын қолмен енгізеді.  Нәтижесінде сусынның атауы, өндірушісі және т. б. туралы ақпарат шығады. «E-Sapa» мобильді қосымшасы Қазақстан Республикасында барлық акцизделетін алкоголь өнімінің, оның ішінде DataMatrix және PDF-417 штрих-коды бар маркалардың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, «Е-Sapa» ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, белгіленбеген үлгідегі маркалармен алкоголь өнімін сатуға қарсы күрес және заңсыз алкоголь өнімін сатуды азайту аясында жүзеге асырылды.