Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120568142009870.webp)
Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 1 маусым күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 метр болады. Көкшетауда таң ата және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%. Қостанай облысының бірқатар аумағында найзағай ойнап, жел тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%. Қызылорда облысында таң ата 42 градус ыстық болады. Таң ата және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 95-100%. Павлодар облысында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа қарай ойысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90%.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)