Әскери қызметшілер бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әскери қызметшілер бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120566814770700.webp)
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қарулы күштер әскери қызметшілері балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілерін құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра, Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері Аягөздегі арнайы әлеуметтік көмек көрсету балалар орталығының тәрбиеленушілері үшін құттықтау, шоу-бағдарлама мен ертегі кейіпкелерінің қатысуымен ойын-сауық ойындарымен мереке ұйымдастырды.
Сыйлықтар да болды. Әскерилер балалар үшін спорттық жабдықтар, дидактикалық ойындар және тәттілерді де дайындаған.
Айта кетсек, осы мекемеде 100 тәрбиеленуші бар. Орталық тәрбиеленушілерінің көбісі бала кезінен мүгедек, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар да бар.
Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері орталыққа үнемі келіп тұрады, барлық жағынан көмек көрсетіп тұрады. Атап айтқанда, гарнизон басшылығы карантин мезгілінде балаларымен бірге карантинде болатын қызметкерлерді 45 төсек орынмен қамтамасыз етті. Жылдың мезгіліне қарай әскери қызметшілер мекеменің аумағын тазартуға және абаттандыруға, ойын алаңын жаңартуға көмек көрсетіп тұрады.
"Әр мереке сайын балаларға экскурсиялар мен концерттер, сонымен қатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұның бәрі жақсы дәстүрге айналып, жылдан жылға жалғасуда", - деп жазады Қорғаныс министрлігі.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)