Ведомствоаралық комиссия шектеу шараларын жеңілдету жөнінде шешім қабылдады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ведомствоаралық комиссия шектеу шараларын жеңілдету жөнінде шешім қабылдады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120555444311123.webp)
[caption id="attachment_17438" align="alignnone" width="696"] Дереккөз: primeminister.kz[/caption]
Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия халық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елімізде шектеу шараларын төмендету бойынша қосымша шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
2020 жылғы 1 маусымнан бастап:
1) Өңіраралық блок-бекеттер алынады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер мен өңірлер әкімдіктерінің шешімі бойынша коронавирустың таралу ошағы бар аймақтарда жергілікті блок-бекеттер сақталуы мүмкін.
2) Қазақстанның облыс орталықтары мен ірі қалаларына темір жол тасымалдары, сондай-ақ өңіраралық автобуспен жолаушылар тасымалы қайта жаңғыртылады.
Жолаушыларды тасымалдау қатаң түрде Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген санитарлық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Теміржол және автовокзалдарда бекітілген талаптардың орындалуы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінің бақылауында болады.
3) Финтес және SPA орталықтарының қызметі қайта жанданады;
4) Спорт және мәдениет объектілері көрерменсіз жұмыс істей бастайды;
5) Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қосымша білім беру ұйымдарының (бір топта 15 баладан көп емес), ғылыми-зерттеу институттарының және ғылыми орталықтардың жұмысы жанданады.
15 маусымынан бастап санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда кинотеатрлардың жұмысы қайта қалпына келтірілетін болады.
Сонымен қатар бірқатар елдерде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын ескерумен, Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдарға халықаралық әуе рейстерін кезең-кезеңмен жаңғырту мәселесін пысықтауды тапсырды (І кезең аясында Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы және Әзербайжанмен; ІІ кезең аясында Біріккен Араб Әмірлігі, Германия, Түркия және Тайландпен).
Халықаралық әуе рейстерінің қайта ұшырыла бастайтын күні мемлекеттік шекаралардың ашылуына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты анықталатын болады.
Бірқатар салалар мен нысандардың жұмысқа кірісуін ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия қазақстандықтарға аурудың алдын алу шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады (бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қарым-қатынасты азайту).
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов жауапты мамандарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)