⠀Жапонияның шетелдік туристерге күніне 185 доллардан төлейтіні рас па?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
⠀Жапонияның шетелдік туристерге күніне 185 доллардан төлейтіні рас па?
ашық дереккөз

Бірқатар ақпараттық агенттіктер мен әлеуметтік желілерде Жапония үкіметі елге келген шетелдік туристерге күніне 185 доллар көлемінде ақша төлейді деген ақпарат таратты. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жарасады? Таратылған хабарламада Жапония үкіметі саяхаттауға жұмсалатын шығынның бір бөлігін өтеу үшін ваучерлік бағдарлама әзірлегені айтылған. Күншығыс елінде жұмсалған шығынының жартысы өтелеті, сонымен қатар бұл мақсатқа 1,35 триллион иен (12,5 миллиард) бөлінгені көрсетілген. Алайда Жапонияның туризм агенттігі twitter желісіндегі ресми парақшасында бұл мәселеге түсініктеме беріліп, жеңілдік тек ел азаматтарына ғана қарастырылып отырғанын ескертті. «Бірқатар ақпарат агенттіктерінде жарияланған Жапония үкіметі елге келетін шетелдік туристердің көлік шығындарының жартысын өтеп, көмек көрсететіні туралы хабарламаға келсек, мынаған назар аударуларыңызды сұраймыз. Жапония үкіметі қарастырып жатқан «Саяхаттауға аттаныңыз» кампаниясы Covid-19 пандемиясынан кейін ел ішінде туризмді жандандыру үшін ішкі сұранысты ынталандыруға және шығындардың бір бөлігін ғана өтеуге бағытталған», деп жазды. Сонымен қатар The Japan Times бұл отандық туристерге ғана көрсетілетін көмек екенін жазды. «Экономика министрлігі жариялаған 2020 жылға арналған қосымша бюджетке жасалған шағын шолуға сәйкес, әрбір саяхаттаушыға 20 000 иен көлемінде берілуі мүмкін», деп көрсетті аталған БАҚ. Туризм агенттігінің басшысы Хироши Табата егер коронавирус індетінің таралуына тосқауыл қойылса Go To Travel кампаниясы жақын күндері басталатынын мәлімдеді.