Биыл ауыл тұрғындарының 87 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етіледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Биыл ауыл тұрғындарының 87 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212055745335897.webp)
Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Ол қаражатқа 316 жоба іске асырылады, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нәтижесінде қалаларда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,5% жеткізіледі. Бұл - 10 млн.-нан астам адам. Ал ауылдық жерлерде аталған көрсеткіш 87,7% жетіп, 6,84 млн. адамды қамтиды. Сондай-ақ, қалаларда ағынды суларды тазартумен қамту 74,9% құрайды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бұл бағытта 404 жоба жүзеге асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылды. Қазіргі уақытта ел бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткіші - 92,6%.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)