Елордада коронавирусты анықтау бойынша тегін тестілеуден өтуге болады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада коронавирусты анықтау бойынша тегін тестілеуден өтуге болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120568334520273.webp)
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын «Сәби» қоры көрсетіп жатқан қайырымдылық көмек аясында коронавирусқа қарсы денелерді анықтау бойынша тегін экспресс-тестілеуден өтуге шақырады. Тестілеуді орындайтын оператор ретінде жеке зертханалардың біреуі тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Экспресс-тестіні өту үшін cdl.kz сайында сауалнама толтыру қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары эпидемилогиялық өлшемдер негізінде сауалнамаларды іріктеп алады. Содан кейін байланыс-орталықтың операторлары пациентпен байланысып әр пациентке емшара кабинетіне келу уақытын жеке тағайындайды. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында пациент белгілі ережелерді сақтауы тиіс, ол:
- нәтижені алу үшін электрондық поштаны көрсету;
- қатаң түрде көрсетілген уақытта келу;
- маска киіп келу;
- емшара кабинеті келушілерінің арасында 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау.
Экспресс-тестілеу коронавирусқа деген иммундық жүйенің әсерін бағалап, саусақтан алынған қанда IgM және IgG классты ерекше қарсы денелерді анықтайды.
- IgM қарсы денелер бірінші болып қалыптасады, індет жұққаннан кейін 7-10 күн аралығында пайда болады.
- IgG қарсы денелер кейін қалыптасады, ол індетпен ауырған әрі оған қарсы қалыптасқан иммундық жауаптың белгісі болып табылады.
Экспресс-тестілеудің нәтижесі талдау тапсырғаннан кейін 15 минутта ұсынылып, сауалнама толтырған кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі. Сұрақ туындаған кезде мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7172) 59-79-69; +7(701) 961-72-30.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)