1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 маусымда басталады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 маусымда басталады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212055547811427.webp)
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, сондай-ақ, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі EGOV.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылған, деп хабарлайды Елорда Инфо. Ата-аналар порталда «Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімін таңдау арқылы кіріп, өтініш береді және қажетті құжаттарды тіркейді. Құжаттар тапсыру мерзімі – 15 минут. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды. Ата-ананың «жеке кабинетіне» баланың қабылданғаны не болмаса себебі көрсетілген қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама келеді. Бұл үшін ата-ана тек қана 4 құжат тапсыруы қажет:баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 форма;063/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;3x4 көлеміндегі фото - екі дана. Мектептің қабылдау комиссиясы оқуға өтініш берген кезде басқа қосымша құжаттарды талап етпеуі тиіс. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін порталға қосымша педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы электронды түрде (скан.нұсқасы, фото) заңды өкілдердің келісімімен ұсынылады. Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 маусымынан басталады. Жаңа оқу жылына дайындық мақсатында 17 тамыздан бастап мектептерде ата-аналардың өтініші бойынша ақысыз негізде жазғы мектеп жұмысын өткізу жоспарлануда.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)