Елордада полицейлер мен еріктілер халыққа санитарлық нормаларды сақтау қажеттігін түсіндірді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада полицейлер мен еріктілер халыққа санитарлық нормаларды сақтау қажеттігін түсіндірді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120565327906085.webp)
Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары мен еріктілер коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін халыққа санитарлық нормаларды мүлтіксіз сақтау қажеттігін түсіндіруде, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Еріктілер санитарлық нормаларды сақтамау елордада карантин режимін алып тастау уақытын кейінге қалдыруы мүмкін екенін түсіндірумен ғана шектелмей, тұрғындарға маска таратуда. Күн сайын Полиция департаментінің қызметкерлері мен еріктілерден тұратын мобильді топтар аулаларды, қоғамдық орындарды, саябақтарды жаяу патрульдейді. «Біздің елімізде бейбітшілік болсын, баршаңызға зор денсаулық тілеймін. Коронавирус инфекциясын бірлесіп жеңеміз», – дейді маска алған қала тұрғыны. Қала тұрғындары өзі мен жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тиіс. Санитарлық талаптар мен гигиена ережелерін сақтау – вирустың таралуына қарсы күрестің ең дұрыс әдісі. Күнделікті өмір ырғағына оралу елорданың әрбір тұрғынына тікелей байланысты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары маска кию режимін, арақашықтықты және карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)