Жаппай оңтайландыру процесі жұмысшыларды қысқартуға алып келмейді – Ноғаев
ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев онлайн брифингте мұнай компанияларында оңтайландыру процесінің жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «ҚазМұнайГаз» компаниясы оңтайландыруды өздерінің орталық аппаратынан бастады. Бұл үрдіс еншілес компанияларында да жалғасын табатыны сөзсіз. Бірақ бұл процесс жұмысшыларға еш әсерін тигізбеуі керек деген ұсыныс бар. «ҚазМұнайГаз» компаниясының басты ұстанымы да сондай. Жаппай оңтайландыру процесі жұмысшыларды қысқартуға алып келмейді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың басшылығымен мұнайлы өңірлерге жасалған сапарда да комиссияның басты талабы мұнай-газ сервистік компанияларындағы жұмысшыларды себепсіз жұмыстан босатуды болдырмау болды», – деді Н.Ноғаев.