Академик Камал Ормантаев қайтыс болды

Бүгін, 09:25
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Академик Камал Ормантаев қайтыс болды
Фото: Svetlana Glushkova

Қазақ балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев қайтыс болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ҚАРАЛЫ ХАБАРДЫ КІМ ЖЕТКІЗДІ

Қаралы хабарды профессордың ұлы Жарас Ормантаев жеткізді. 

«Бүгін түнде ардақты әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушысы - академик Камал Ормантаев өмірден озды», - деді Жарас Ормантаев. 

КАМАЛ ОРМАНТАЕВ

Камал Сәруарұлы 1936 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицина саласындағы жолын бастады. 1968 жылы осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды, бұл қазақстандық балалар хирургиясының ғылыми мектебінің қалыптасуына негіз қалады.

Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Өзінің айрықша еңбек жолында ол 20 000-ға жуық күрделі операция жасап, мыңдаған баланың өмірін сақтап қалды. Оның еңбегінің арқасында 1 500-ден астам дәрігер дайындалып, олардың көпшілігі Қазақстанда ғана емес, шетелде де жетекші маман атанды.