Е.Біртанов: Науқастардың 50 пайызы емделіп шықты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Е.Біртанов: Науқастардың 50 пайызы емделіп шықты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120574828420146.webp)
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус жұқтырған науқастар жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Кеше коронавирустық жағдайға байланысты Үкімет жанында ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Қазіргі уақытта еліміздегі инфекция жұқтырғандардың саны – 9 300-ден астам. Олардың арасында 50 пайызы, яғни 4 600-ден астамы емделіп, ауруханалардан шықты. Өкінішке орай, 37 науқас қайтыс болды», - дейді министр. Елжан Біртанов сөз арасында симптомсыз тіркелген науқастар туралы айта отырып, ауыр жағдайда жатқандар да жоқ еместігін мәлім етті. «Қазір 4 653 науқас емделіп жатыр. Олардың арасында 355 бала бар. Науқастардың 85 пайызының жағдайы жеңіл деңгейде деп айтуға болады. Біраз науқас симптомсыз тіркелінген. 13 пайызы, 543 науқастың жағдайы орта деңгейде. Ал 1,5 пайызы (58 науқас) ауыр жағдайда. Олардың ішінде 19 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған»,- деді ведомство басшысы.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)